Қалаға қандай жақсылық жасап жүрміз?
Тазада, жанғажайлықаладатұрудыбәріміздеқалаймыз. Алайдаоныңәрбірмүлкінежанашырлықпенқарау – әрбірімізгеміндет. Бірақбүгіндеқаладаескерткіштерменойыналаңдарын, көшедегіжарықшамдарынқиратыпбүлдірубелеңалуда. Бұғанкінәліөзіміз. Бұл – бүгінгікүнніңөзектімәселесі.
Жақында «Достық» үйінде өткен «Тәрбие – тағылымның түп қазығы» атты басқосуда айтылған мәселелер көпке ой салатындай.
Басқосуда өскелең ұрпақтың тәрбиесі, отансүйгіштік қасиеттер, отбасы құндылықтары туралы мәселе көтеріліп, қоғамдағы тағылық әрекеттің белең алуын алдын алу жолдары жайы талқыланды.
– Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау қызметкерлерінің ғана жұмысы емес. Бұл – қалаға жаны ашитын әрбір азаматтың жауапкершілігі. Елдің, жердің абыройы мен намысын ойлау керек. Бізге ешкім сырттан келіп ештеңе бермейді. Бәрі өз еліміз үшін жасалған жұмыстар. Шаһарымыздың шырайлы болуы бізге байланысты. Соны жастар кеңінен түсінулері қажет. Сіздер елдің ертеңгі жарқын болашағысыздар. Бос уақыттарыңды білім мен спортқа арнаңдар. Ата-аналарыңа көмектесіңдер. Біз сендерден осыны талап етеміз және сенім мен үміт күтеміз, – деді қала әкімінің орынбасары А.Есжанов.
Келелі кездесуде қоғам қайраткері Сәпен Аңсатов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағы тақырыбында тұщымды ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Иә, өскелең ұрпаққа білім беру жүйесі ғана емес, үйдегі ата-ана тәрбиесі де аса маңызды. Бала отбасында жылулық сезінсе, тәрбие ала білсе одан бөтен болмайды. Бұл – уақыт дәлелдеген шындық.
М.Ерәлиева атындағы мәдениет үйі директоры, айтыскер ақын Нұрмат Мансұр қала әкімдігі тарапынан жүзеге асырылып келе жатқан «Көше Fest» сайысын жандандыру арқылы көшеге есімі берілген тұлғаларды насихаттай отырып, жас буынды отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттеріне баулу керектігін атап өтті.
– Қазіргі таңда жастар тәрбиесі қоғамда үлкен сөз болуда. Өйткені қала ішіндегі мүліктердің бұзылуы жиі орын алуда. Баланы теріс әрекеттерден сақтайтын, рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін негізгі орта – отбасы мен мектеп. Жастардың жақсы қырынан танылуына мүмкіндік мол. Сондықтан замандастарыма айтар кеңесім: бойыңдағы бар талантыңмен талабыңды жақсы жағынан танытуға талпыну керек. Ол, бірінші, өзіңнің абыройың, екінші, елің мен ата-анаңның қуанышы. Мен соны айтқым келеді. Қазіргі біздің заман жанамын дегенге от, шабамын дегенге ат берген қазақтың алтын дәуірі. Жастарға не қажет соның барлығы бізде бар, – дейді облыстық жастар басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы.
Жиын қорытындысында жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бекен Ғалымжанұлы Сыр жастарына үндеу жариялап, замандас достарына ерекше екпін, өзгеше өрлеу тілеп, болашаққа сеніммен қарау керектігін жеткізді.
«Ақмешіт ақпарат»