Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көбеюден көшбасшы қай өңір?

Көбеюден көшбасшы қай өңір?

Қазақстанда бала туудан көшбасшы өңір анықталды. Алдыңғы қатарда Түркістан облысы тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде өңірдегі халық саны 2 036 029
Оның ішінде қалалық жерде 412 819 адам (20,3%), ауылдық жерде 1 623 210 адам (79,7%) тұрады. Өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда халық саны 1,4%-ке өскен.

"Республика бойынша Түркістан облысы туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұр", - деді облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков.

Облыс тұрғындарының табысы қандай
2020 жылдың екінші тоқсанында Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 301 теңгені құрады.
Ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында 243 324 теңге болып белгіленсе, ең төмен жалақы Сарыағаш ауданында тіркелді – 137 498 теңге.

Сонымен қатар облыста азық-түлік тауарларының бағасы 7,1%-ке, азық-түлік емес тауарлар 3%-ке, ақылы қызметтер 5,5%-ке қымбаттаған.
2020 жылдың қаңтар-маусым айы бойынша Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 770 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі бойынша республикада бірінші орынға шықты.
Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлесі – 19,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 14,6%, білім беру – 12 процент.

11 қараша 2020 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам