«Сау бол» акциясы
Облыстық жастар денсаулығы орталығы және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында «Репродуктивті денсаулықты қорғау» мақсатындаҚызылорда облысының тұрғындары арасында «Сау бол!» ұранымен акциялар ұйымдастырылып өткізілді.
Акция барысында тұрғындар мен саудагерлерге жеке барып мамандар репродуктивті денсаулықты күтудің, жастар арасында ерте жаста болатын жүктіліктің салдарын, жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың денсаулыққа қандай зиянды әсерлері бар екендігі түсіндіріліп, дене қызуы мен қан қысымын өлшеді. Сонымен қатар, қандағы холлестерин мен қант мөлшерін анықтап, қан қысымы, қандағы қанты мен холлестерині жоғары тұрғындарды өзі тіркелген емхана дәрігерлеріне баруға кеңес берілді. Салауатты өмір салтын таңдау уақыты, Отбасын жоспарлау сіздің өміріңіздің сәттілігі, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығы, үй ішінің амандығы-дұрыс отбасын жоспарлау тақырыбтарында ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Облыс бойынша акцияға барлығы 515 халық қамтылып, 2575 дана ақпараттық танымдық материал таратылды.