Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шахматтан республикалық турнирдің жас  жеңімпазы 

Шахматтан республикалық турнирдің жас  жеңімпазы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрдәулет Таңатов Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған V онлайн-турнирде жеңіске жетті.

Жарыс «Almaty Online Chess Festival 2020» аясында өткізілді. Әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі жастағы барлығы 184 қазақстандық шахматшы ел чемпионы атағы үшін ақ-қара ойынында күш сынасты.

«6 жасымнан бастап осы спорт түрімен әуестенемін және шахмат бұл логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін арттырудағы негізгі көмек құралы деп санаймын», – дейді Нұрдәулет.

Жас спортшының қоржынында облыстық, республикалық және халықаралық турнирдегі жетістігін дәлелдейтін 30-дан астам марапат бар. 16 алтын, 9 күміс және 7 қола медальдің иегері әдеттегідей бірегей тактикасымен ерекшеленіп, республикалық шахмат аренасында тағы да жеңімпаз атанды.

«Турнир қорытындысы бойынша мен 6,5 ұпай жинап, 18 жасқа дейінгі категорияда бірінші орынды иелендім. Қарсыластар дайындығы мықты, әрі олардың арасында елдің атақты шахматшылары болды. Әр жарыс – мен үшін өз мүмкіндіктерімді бағалайтын, табысты ойын үшін жаңа білім мен тәжірибе жинақтайтын сабақ», – дейді чемпион.

Биылғы жылда Нұрдаулеттің жеткен тағы бір үлкен жетістігі – «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағына ие болуы.
11 қараша 2020 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 209 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам