Қызылордалық шахматшылар дүниежүзілік онлайн олимпиадаға қатысады
![](/uploads/posts/2020-07/1596024973_fb_img_1596020451620-1.jpg)
22 шілде – 30 тамыз аралығында онлайн режимде Дүниежүзілік шахмат онлайн-олимпиадасы өтеді.
Тұңғыш рет онлайн түрде ұйымдастырылатын байрақты бəсекеде 163 елдің шахматшылары бақ сынасады.
Қазақстан атынан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жерлестеріміз, шахматтан 3 дүркін Əлем, 7 дүркін Азия, 17 дүркін Қазақстан чемпионы Əсел Серікбай мен 2 дүркін Əлем, 5 дүркін Азия, 14 дүркін Қазақстан чемпионы Назерке Нұрғали сынға түседі. Екеуі де халықаралық ФИДЕ шеберлері.
![](/uploads/posts/2020-07/1596024996_fb_img_1596020453566.jpg)
Қазіргі таңда шахматшы қыздар жарысқа тыңғылықты дайындалу үстінде. Олар аптасына төрт күн 6 сағаттан, сəрсенбі, сенбі, жексенбі күндері Chess.com, Lichess.org, Chess24.com сайттарындағы онлайн жарыстарға қатысып, шыңдалуда.