"Титаниктегі" көріністі қайталап, суретке түспек болған жас жұбайлар
Үндістанда үйлену алдындағы фотосессия кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт суға батып кетті деп хабарлайды ren.tv.
Жас жұбайлар бірнеше романтикалық кадрлар түсіру үшін қайыққа отырған. Олар әйгілі "Титаник" фильміндегі Кейт Уинслет пен Леонардо Ди Каприоның бірге болған көрінісін қайталау мақсатында фотографпен бірге қайыққа отырып, өзеннің ортасына бет алады деп жазады Kaumudi Online. Өкінішке қарай, той алдындағы фотосессия қайғылы жағдайға ұласқан. Судың қатты ағыны салдарынан ескекші қайыққа ие бола алмай, қайық аударылып қалады. 28 жастағы күйеу жігіт пен 20 жастағы келіншек туыстарының көз алдында суға батып кетті. Ескекші құтқарылып үлгерді. Қорқынышты жайт Карнатака штаты Талакаду ғибадатханасы маңындағы Кавери өзенінде болған. Жергілікті полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады. Олар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін куәгерлерді сұрақтың астына алуда.