Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 14 ұлдан кейін өмірге келген қыз

14 ұлдан кейін өмірге келген қыз

АҚШ 14 ұлы бар ерлі-зайыптылардың 15-ші перзенті дүниеге келді. Бұл жолы олар қызды болған деп жазады independenteagle.com.
АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын ерлі-зайыптылар үлкен отбасы болуының арқасында жергілікті тұрғындар арасында танымалдыққа ие болған. Джей мен Кэтри Швандт бүгінде 14 ұл баланың және бір қыз баланың ата-анасы атанып отыр.
Ерлі-зайыптылар көпшілікке қиындықтар әкелген 2020 жыл оларға керемет бақыт сыйлағанын айтуда. Себебі, көп балалы ана көптен күткен қыз баланы дүниеге әкелген. Қызына Мэгги деген есім берген 45 жастағы ерлі-зайыптылар мен оның оның балалары Мэггидің перзентханадан шығу сәтін қуанышпен және толқумен қарсы алады.
Отбасының 28 жастағы тұңғышы Тайлер Швандт ата-анасы 14 ұл баладан кейін мүлде қызды болудан үміт үзгендерін еске алды. Алайда Жаратушы оларға тосынсый жасаған. Ерлі-зайыптылар оқушы кезінен бір-біріне ғашық болып, 1993 жылы некелерін қидырған екен. Оқу оқып жүріп, алғашында үш ұлы дүниеге келген қос ғашық бүгінде көп балалы отбасына айналған. Олар балалы болу білімді шыңдауға кедергі келтірмейтінін айқын дәлелдеп бергендей. Бүгінде отағасы заңгер болса, әйелі әлеуметтік саланың магистрі атанған.
12 қараша 2020 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам