Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Қызылорда гарнизонындағыәскери бөлімдесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдылықтарды бақылау жөніндегі комиссияның төрағасы,подполковник Ербол Әбдірайымның басшылығымен кезекті жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты, гарнизонда елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген әскерилер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
«Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар заң бұзушылықтардың алдын алып, сыбайластық әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобасы аясында жүргізіліп жатқан тиімді іс-әрекеттерге де көп көңіл бөлінуде», – деді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрмұхаммед Сейдуалиев.
Шара барысында өңірдегі мекеме және әскери бөлім басшылары баяндамаларын оқыды. Жазғы, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі сыбайластық әрекеттерге жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың қатаң бақылауда екені ескертілді.
Жиын соңында осы дертті жою мақсатында жұмыстар атқарылуы керек екендігі баса айтылып, бөлім және мекеме басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
12 қараша 2020 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам