Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАСАҒАН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ БОЛУ КЕРЕК

ЖАСАҒАН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ БОЛУ КЕРЕК

Қызылорда қаласына қарасты 2 кент, 7 ауыл бар. Жыл басынан бері бұл елді мекендерде бірқатар тірлік атқарылды. Дегенмен ауылдарда тарқатылмаған түйін жеткілікті. Соның бірі ретінде мемлекеттік бағдарламалармен толыққанды жұмыс жасалмағанын айтуға болады. Дәлел ретінде Қарауылтөбе ауылында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша өз деңгейінде жұмыс атқарылмаса, Қызылөзекте «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бір ғана жоба қолға алынған. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Қарауылтөбе мен Қызылөзек ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды.

Жиында алдымен Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Сейілбек Тайманов баяндама жасап, осы кезге дейінгі атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Ауыл басшысының айтуынша, Қарауылтөбеде кәсіпкерлік саны артып, қосымша жұмыс орындары ашылған. Бұдан бөлек жол жөндеу қолға алынғанын айтқан ауыл әкімі округтегі құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында және карантиндік талаптардың сақталуына негізделген шараларға тоқталды.
Бұл ауылда мемлекеттік бағдарламаларды кәдесіне жаратып, кәсіп ашуды қолға алған азаматтар аз. Осы мәселені негізге алған қала әкімі мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға тиісті деңгейде түсіндіріп, ауылдықтарды кәсіп ашуға шақыру жұмыстарын тиянақтауды тапсырды.
Мұнан кейін Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұл ауылда да кәсіпкерлік қарқын алған. Жыл басынан бері жаңадан 6 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, жалпы саны 129-ға жеткен. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді тұтынған ауыл тұрғындарының барлығы 45 млн 900 мың теңгені құрайтын 11 жобасы қаржыландырылған. Жыл басында ауыл тұрғындарымен өткізілген есепті кездесуде көтерілген мәселенің бәрі шешімін тауып, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында бюджеттен қаралған қаражатқа Қараөзек бекеті-1 және Ж.Жабаев көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауылда ауыз су мәселесі де шешілген.
Әрине, жұмыс бар жерде кемшілік те болып жатады. Бұл ауылда «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бір ғана жоба жүзеге асқан. Бұдан бөлек елді мекен тазалығы да көңіл көншіте бермейді. Сондай-ақ жыл басынан бері Қызылөзекте 9 қылмыс тіркелген.
Осы мәселелерді негізге алған қала басшысы қоғамдық тәртіпті күшейтіп, құқық бұзушылықтың алдын алуды тапсырды. Қала әкімі барлық сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың мерзімінде әрі нәтижелі орындалуы керектігін ескертті.

«Ақмешіт-ақпарат»
13 қараша 2020 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам