Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Халық көтерген мәселе шешімін табуы керек

Халық көтерген мәселе шешімін табуы керек

Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма мен Қызылжарма ауылдарының әлеуеті қалай? Жол, жарық, су секілді халыққа қажетті инфрақұрылым толық барған ба? Шаһар маңына топтасқан ауылдарда мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асуда? Ауыл әкімдері кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту үшін не істеп жатыр? Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен аппараттық мәжіліске осы мәселелер арқау болды.
Аппараттық мәжіліс басталмас бұрын қала басшысы Талсуат ауылдық округінің әкімі Болатбек Нұрлыбаевты зейнет жасына жетуімен құттықтап, атқарған жұмысына оң баға беріп, Қызылорда қаласы әкімінің «Құрмет» грамотасын табыс етті. Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішов сөз сөйлеп, Болатбек Қалиұлына деген жылы лебізін білдірді.
Аппарат мәжілісінде мақаланың әлқиссасында айтып өткендей, Ақжарма мен Қызылжарма ауылдарында атқарылған жұмыс туралы мәселе қаралды. Алдымен Ақжарма ауылының әкімі Жұмабек Әлиев хабарлама жасап, тоғыз айдағы тірліктерге тоқталды.
Округ әкімінің айтуынша, Ақжармаға Баймұрат батыр ауылы мен Талдыарал елді мекені кіреді екен. Осы жылдың тоғыз айында кәсіпкерлік нысан 113-ке жетіп, 84 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ кәсіпкерлікке оқыту курстарына 23 адам тіркеліп, 8 адам сертификат алған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары ұсынған алты жобаның төртеуі қолдау тапты. Мал басын бірдейлендіру мақсатында 1544 мүйізді ірі қара сырғаланып, компьютерлік дерек базасына түсірілген.
Осы сынды мәліметтерді алға тартқан ауыл басшысы егін шаруашылығы бойынша атқарылған тірлікті тілге тиек етті.
– Биылғы егін жинау науқанының қорытындысымен ауылдық округ бойынша 6512 тонна күріш жиналып, әр гектарынан 55 центнерден өнім алынды. Сонымен бірге картоп – 862, көкөніс – 1536, бақша өнімдері – 1307 тоннаны құрады, – деді Ақжарма ауылының әкімі.
Ауыл басшысы баяндамасында жұ¬мыспен қамту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салалары және қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.
Қала әкімі Ақжармада «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша ешқандай жұмыс жасалмағанын айтып, ауылда мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін насихаттау жұмыстары өте төмен деңгейде екенін сынға алды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында белгіленген межені жыл аяғына дейін орындауды ауыл әкіміне нықтап тапсырып, қалалық полиция басқармасымен бірігіп, елді мекендегі жасалған қылмыстың ашылу деңгейін көтеру мен ауылда орналасқан барлық нысандардың күшейтілген сани¬тариялық режимді сақ¬тап, жұмыс жасауын қамтамасыз етуді де міндеттеді.
Мұнан соң мінберге Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейілов шығып, тоғыз айдағы атқарған жұмысын баяндады.
Ауылдық округ әкімінің айтуынша, биыл 9 көшеге тас төселсе, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 көше асфальтталған. Осы жұмыстардың аясында 61 азамат жұмысқа тартылған. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Абай және №35 көшеге тас төселген. Осындай жұмыстарды атап өткен ауыл басшысы қараша айында 14 көшеге тас жол салу жоспарланғанын жеткізді.
Негізі Қызылжарма ауылдық округі бойынша бүгінде 300-ге тарта кәсіпкерлік нысан бар. Жыл басынан бері 50-ден аса кәсіпкерлік нысан ашылып, 100-ге тарта адам жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламалар арқылы да қол¬дау тапқан жобалар бар.
– «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы 6 млн теңгенің 1 жобасы қолдау тауып, құжаттары рәсімделуде. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 186,1 млн теңгені құрайтын 25 жоба қолдау тауып, бүгінде көзделген қаражаттарын алды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 23 млн 259 мың теңгені құрайтын 42 жоба бойынша ауыл тұрғындары қайтарымсыз грант алып, ет, сүт өнімдерін өңдеу бағытында жұмыс жасауда, – деді ауыл әкімі.
Қала басшысы ауылда жеке тұлғалардың мүліктік салығы мүлдем орындалмағанын айтып, ауыл әкіміне жоспар бойынша салық түсімдерін толық орындауды жүктеді. Сонымен қатар жыл көлемінде округ бойынша тіркелген 23 қылмыстың 12-сі ғана ашылуы өте төмен көрсеткіш екенін алға тартып, жұмысты дұрыс ұйымдастыруды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң ескертті.
Қарап отырсақ, қос ауылда да ауыз толтырып айтатын толымды тірлік бар. Қала әкімі атқарған жұмыстарын мәлім еткен ауыл басшыларына бірінші кезекте халық көтерген мәселеге назар аудару қажеттігін және оның шешім табуы керектігін айтты.
Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ
07 қараша 2020 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам