Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Вирустың белгілері байқалуда

Вирустың белгілері байқалуда


Аймақта вирус жұқтырған екі науқас анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облысы әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов мәлімдеді.
Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны облыста 3264 адамды құрайды. Бұл – сәуір айынан бастап ауырғандарды қосқандағы көрсеткіш. Ал сәрсенбі күні қауіпті вирусты жұқтырған екі науқас тіркелді. Олардың бірі облыс орталығынан болса, бірі шиелілік тұрғын.
Облыс бойынша коронавирустың болжалды екінші кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдыңғы толқында орын алған кемшілікті болдырмас үшін жағдай жан-жақты сараланып, қажетті шаралар қабылданған. Әсіресе дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдарының тапшылығын болдырмас үшін алдын ала тиісті сала мамандарымен бірлесіп қажетті препараттардың тізімі жасақталған. Сондай-ақ өкпеге жасанды тыныс беру аппараты, флюро, рентген құралдары қамтамасыз етілуде.
Осы орайда мамандар тұрғындар арасында пневмония ауруының, аяқ асты естен тану белгісімен жансақтау бөліміне түсіп жатқан науқастардың көбейгенін айтады. Сол себепті вирустың белгісі байқалғанда өз бетінше ем алуға көшпей, алдымен дәрігермен байланысу керектігін баса айтты. Вирустың таралуы көбіне қарт кісілер мен өзге аймаққа барған тұрғындар арасында жиі кездесуде. 

А.СЕЙІЛ
14 қараша 2020 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам