Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Съезд делегаттары сайланды

Съезд делегаттары сайланды

Қызылордада «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVIІ конференциясы өтті. 120-дан астам партияластар бас қосқан алқалы жиында партияның Қызылорда облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. Сондайақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне үміткерлер арасында пікірсайыс ұйымдастырылып, қатысушы делегаттар таңдау жасады. Облыстық филиалдың Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, өңірден партияның ХХ съезіне қатысатын 20 делегат сайланды.

Жиынға төрағалық еткен облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова күн тәртібіне сәйкес, бірінші болып бекітілген сайлауалды бағдарламаның маңыздылығын атап өтті.


– Жеті негізгі бағытты қамтыған сайлауалды бағдарлама партия қызметінің алдағы мақсат-міндеттерін белгілеп, олардан күтілетін нәтижені айқындайтын құжат. Бағдарлама жобасы праймериз кезінде ресми сайтта жарияланып, 1 жарым ай көлемінде ашық талқыланды. Талқылау барысында тұрғындардан мыңға жуық ұсыныс түсіп, олардың 83 пайызы бағдарламаға енгізілді, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.


Жиында ең жоғары рейтингісі бар праймеризге қатысушылар қатарынан Қызылорда облыстық мәслихатына 53 кандидаттан тұратын партиялық тізім түзілді. Ондағы әйел азаматтардың саны 3 есе артқан. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 0-ден 15 пайызға жетіп отыр. Үміткерлердің орташа жасы 8 жасқа төмендеген. Ал қызметтегі депутаттардың 12-сі ғана жаңа тізімге енгізілген.



Конференция барысында Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. 11 үміткердің ішінен партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы өңірдің өкілдік квотасына сәйкес 3 үміткерді таңдады.


Көп дауыс жинағандар қатарында қызметтегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, СПК «Байқоңыр» АҚ-ның тәуелсіз директоры Ғалым Әмреев, «ҚазПочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаевалар бар.


Олар конференция шешімімен мәжілістің партиялық тізіміне енгізілуі үшін съезге ұсынылатын болды.


Жиын соңында басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы саяси кеңес құрамынан Ақмарал Әлназарова, Сұлтан Мақашов және Талғат Тілестер шығарылып, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Талғат Дүйсебаев және «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлішер Қардашов енгізілді.

Конференция жұмысына Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандық филиалдарынан сайланған делегаттар бейне-байланыс жүйесі арқылы қатысты.


«Ақмешіт-ақпарат»
17 қараша 2020 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30