Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көпбалалы аналар енді құжат дайындамайды

Көпбалалы аналар енді құжат дайындамайды

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мәселелері қаралды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов баяндама жасады. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында 44 қызмет түрін көрсету көзделген, оның 38 қызметі электрондық түрде көрсетіледі, ал оның ішінде, 18-і проактивті түрде, яғни азаматтың қатысуысыз автоматты түрде тағайындалатын төлем, не қызмет. Биыл барлығы 9,5 млн қызмет көрсетілді.
Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электрондық форматқа көшірілетін болады және 2022 жылы 93%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау процестерін толық цифрландыруды тапсырған болатын. Б.Нұрымбетовтың айтуынша, бұл жұмыстың негізгі бағыты – мүмкіндігінше барлық қызметтерді проактивті форматқа көшіру — яғни қызмет көрсету бастамашысы азамат емес, мемлекет болады. Барлық қажетті мәліметтер, ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл жолымен қалыптасады. Азамат қызметтерді алуға келісім ғана беруі қажет болады. «Проактивті қызмет түрі – қызметті берушімен алушының байланысын болдырмайды, қызмет көрсету уақытын барынша қысқартады, қағазды құжаттарды жинаудың және уәкілетті органдар қызметкерлерінің қатысу қажеттілігін жояды», — Б.Нұрымбетов. Мысалы, бұған дейін көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші қағаз түріндегі қажетті құжаттарымен Мемлекеттік корпорацияға жүгінетін. Ол үшін алдын-ала сол құжаттарды алу үшін бірнеше ұйымдарға барып, уақытын кетіретін. Ал бүгінде осы процесті автоматтандырудың нәтижесінде Министрліктің жүйесіне басқа ақпараттық жүйелерден қажетті жеке тұлға және балалардың туылуы мен саны туралы мәліметтер проактивті түрде түседі. Сол мәліметтердің негізінде автоматты түрде жәрдемақы тағайындалып, көпбалалы анаға ол туралы SMS-хабарлама жіберіледі.
18 қараша 2020 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам