Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИЫЛ ТАҒЫ 19 ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

БИЫЛ ТАҒЫ 19 ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

   Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі.  Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді. 
Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивті қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. «ТМД елдері бойынша Қазақстан проактивті қызметтерді алғашқы болып енгізді. Былтыр біз бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті тәсілмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттілігін алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтін аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жіберілді. Жуырда әлеуметтік мәселелер бойынша тағы да бірқатар қызметтерді проактивті нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететін боламыз», - деді ол.
Атап айтсақ, жүктілікке, бала асырап алуға, мүгедектікті белгілеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер проактивті тәсілмен, яғни телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсімделетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді төлеу, жылжымайтын мүліктің сипаттамасын өзгерту, атқарушылық іс жүргізуді қозғау жұмыстары және білім беру саласындағы қызметтер кешені де проактивті нұсқада ұсынылады.
Сонымен қатар мемлекеттік корпорация басшысы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды. «Елімізде жаппай цифрландыру үрдісі жүріп жатқанына қарамастан, мемқызметтердің 51 пайызы әлі күнге дейін қағаз жүзінде ұсынылады, оның үстіне қазақстандықтар қызметтерді электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тілек танытпай отыр. Сондай-ақ бір қызметті алу үшін басқа бір қызметке жүгіну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша біздің фронт-офистерге бірнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесі бойынша әлі де қарапайым және қауіпсіз механизмнің жоқ екендігін айту керек», - деп ой түйді Абылайхан Оспанов.
 


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі
10 шілде 2018 ж. 1 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам