Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат анықталды

Терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат анықталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар барысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 43 жастағы Түркістан облысының тұрғыны, идеологтарының діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарын таратумен айналысқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сот-дінтанушылық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес терроризмді насихаттау белгілері анықталды.
Осыған байланысты күдіктіге қатысты 16 қараша 2020 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі




20 қараша 2020 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 208 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам