Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 10 мейрамхана қызметін өндіріске бағыттады

Қызылордада 10 мейрамхана қызметін өндіріске бағыттады

Қызылорда облысында мейрамхана бизнесімен 128 нысан айналысады.
«Көпшілігі мейрамхана тұрақсыз бизнес екенін түсінді. Сол себепті, ресурстар мен энергияны тұрақты табыс әкелетін арнаға ауыстыруда. Мәселен, өңірдегі 10 тойхана қызметін басқа салаға бағыттады. Бірі балалар ойын алаңы мен кондитерлік өнімдер өндіретін цехына ауыстырып жатыр. Сонымен бірге сусындар және лаваш шығару өндірістерін іске асырмақ. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды басқа да кәсіпкерлермен де жалғастырудамыз», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Бизнесті қолдау үшін 54 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер беріліп, 8 мыңнан астам кәсіпкер міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемінен босатылды. Жыл соңына дейін 194 шағын және орта бизнес субъектісі жалдау ақысынан  босатылады. Шамамен, 9 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі 11 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын қарыздары бойынша төлемдері кейінге қалдырылып, қайта құрылымдалды.
Kyzylorda-news.kz
23 қараша 2020 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам