Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨМІР МЕН КҮРІШ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

КӨМІР МЕН КҮРІШ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Қайырымдылық – ізгі қасиет. Жаны жақсылыққа құштар жомарт жандар арамызда жеткілікті. Сый-несібе өзгемен бөліссең, өміріңе қуат, көңіліңе шуақ береді деп осындайда айтылса керек-ті.
Қарауылтөбе ауылының қос кәсіпкері Асқар Бекішов пен Рүстембек Оңдашов ауылдағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, жақсы ісімен жақын-жуыққа үлгі болып жүр. Қоғамға пайдалы игі іс жасап, қиналғандарға қол ұшын беруде. Бұл жүректің тазалығы мен көңілдің кеңдігін көрсетеді.
Атап айтар болсақ жеке кәсіпкер Асқар Бекішов өз қаражаты есебінен 18 отбасыға 7 тонна көмір үлестіріп берді. Рүстембек Оңдашов 40 отбасына Сыр маржанын тегін таратып, ел алғысына бөленіп отыр.
Ауылымыздың кәсіпкерлері қолынан келгенше көмектерін көрсетуде. Ауылдағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратып, халықты қуантты. Халық даналығында «Жанашырлыққа – жан риза» деген сөз бар. Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы, – дейді ауыл әкімі Сейілбек Тайманов.
Иә, қайырымдылық – адам өміріндегі ең игі істердің бірі. Арамызда адамгершілік қасиеті жоғары жандар бар екенін іс жүзінде тағы бір мәрте айқын аңғардық. Іздегені ізгілік, жасағаны жақсылық болған азаматтардың игі ісі көпке үлгі, жастарға өнеге.
                                                                                    
   «Ақмешіт-ақпарат»
25 қараша 2020 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 257 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам