Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық кәсіпкер 400 орындық жатақхана салды

Қызылордалық кәсіпкер 400 орындық жатақхана салды



Қызылордалық кәсіпкер Сағи Сүйеніш «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 400 орындық студенттер жатақханасын салды. Бағдарлама шеңберінде алған несиесі 210 млн теңге.
Заман талабына сай бой көтерген студенттер үйінің әр бөлмесінде жеке санитарлық торап, жуынатын орын бар. Бір секцияда екі жатын бөлме орналасқан. Әрқайсысында 4 адамнан жататын болады. Одан бөлек арнайы ас дайындайтын бөлме де қарастырылып, газ пеші, тоңазытқыш, ас столы сияқты қажетті құралдармен жабдықталған. Жатақханада медициналық және ем қабылдау, теледидар көретін, кір жуатын, киім үтіктейтін бөлмелері де бар.
«Студенттер үйін салудағы негізгі мақсат – басқа қалалардан, аудандардан келетін студенттердің тұруына, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау. 2018 жылы Қызылордадағы Кәсіпкерлер палатасының кеңесімен осы жобаны бастап кеттім. Үлкен асханадан өзге әр қабатта студенттерге арналған шағын асханалар бар. Сондай-ақ, бос уақыттарын төменгі қабатта орналасқан спорт залында, жаттықтыру залында өткізе алады», – дейді кәсіпкер Сағи Сүйеніш.
Одан бөлек, коворкинг орталығы, кітапхана, интернет орталығы, жұмыс жасап, жатақхана wi-fi-мен қамтамасыз етіледі.
«Студенттер үйі 5 қабатты ғимаратта орналасқан. 3 қабаты жатақхана мақсатында қолданылса, 2 қабаты коммерциялық мақсатта қолданылады. Аталмыш аумақта асхана, фитнес, жаттықтыру залдары, монша, шаштараз, офистерге арналған аудандар бар», – дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер жатақхана салғаны үшін шығындарының бір бөлігін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты аясында қайтара алады. Ол үшін 2019 жылы республикалық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығымен келісімге отырып та қойғанын жеткізді.
Айта кету керек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша облыста жалпы сомасы 16,5 млрд.теңгені құрайтын 160 жоба бар. Оның ішінде: 110 жоба (9,0 млрд.теңге) – банктермен және Аграрлық несие корпорациясымен мақұлданды. 10 жоба (5,6 млрд.теңге) – қаржы институттарының қарауында. Қалған жобалар бойынша құжаттар жинақталуда.
24 қараша 2020 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам