Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Шоқан Уалиханов және отандық ғылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті

«Шоқан Уалиханов және отандық ғылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының ұлы ғалымы және ағартушы-демократы Шоқан Уалихановтың 185 жылдығына арналған «Шоқан Уалиханов және отандық ғылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Бұл конференцияда теориялық және әдістемелік мәселелер жан-жақты талқыланған баяндамалар тыңдалды. Атап айтар болсақ, «Шоқан Уалиханов: Қазақстан тарихы мәселелері жөнінде» тақырыбында академик, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Т.Сәтбай, «Шоқан Уалиханов – Отандық тарихтың Геродоты», аталған кафедраның аға оқытушысы, Д.Омаров, «Қазақ ағартушыларының рухани-адамгершілік туралы ой-тұжырымдары», кафедраның аға оқытушысы, тарих магистрі А.Әзірбекова, «Шоқан Уалиханов еңбектеріндегі этнографиялық зерттеулер», «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Жанбершиева «Шоқан Уалиханов – әдебиет зерттеуші ғалым», сондай-ақ, Қызылорда қаласы Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі Ғ.Жәрімбет «Шоқан Уалихановтың Қазақстан өлкетану ісіндегі орны» атты баяндамалар жасады. Академик Б.Кәрібаев тағылымға толы кеште ұлы тұлғаның шығармаларына талдау жасап, өмірдеректеріне қатысты тың деректер келтірді.
Айта кетейік, конференцияға оқытушылар, ғылыми орталық мамандары, магистранттар мен студенттер қатысты.


30 қараша 2020 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 070 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам