ГЕРМАНИЯЛЫҚ МАМАН ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасы аясындағы «Аға сеньорлар» компонентімен Қызылорда облысына германиялық кәсіпкер Жаклин Кнаппе келіп, өңірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері мамандарымен өз тәжірибесімен бөлісті.
Жаклин Кнаппенің кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол. Өзінің арнайы шеберханасы бар. Еңбек жолында балабақша мен театрларда жұмыс жасаған.
Жаклин Кнаппенің кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол. Өзінің арнайы шеберханасы бар. Еңбек жолында балабақша мен театрларда жұмыс жасаған.
Облыс орталығындағы «Сыр балажаны» балабақшасында болған Жаклин Кнаппе мекеме қызметкерлерін балаларды еркін тәрбиелеуге арналған Reggio-педагогика әдісімен таныстырып, іс жүзінде көрсетті.
Балабақша меңгерушісі Наталья Мишукова: «Біздің еліміз бен Германиядағы мектепке дейінгі білім беру әдістемесінде айтарлық айырмашылық бар. Мәселен, Жаклин біздің мамандармен, тәрбиеленушілермен жұмыс жасағанда негізгі басымдықты еркіндікке: ой, таңдау еркіндігіне берді. Балаларды ойната отырып, шығармашылығын дамытуға тырысты. Нәтижесін көрсеңіздер. Балалардың қиялының шексіз екендігіне көзіміз жетті. Бізге осындай мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпарат беріп, көмек көрсеткен, арнайы маман шақыртқан Кәсіпкерлер палатасына ризашылығымды білдіргім келеді», - деді.
Айта кету керек, «Аға сеньорлар» компоненті қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған.
«Басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті шетел мамандарын тарту (аға сеньорлар)» компонентін жүзеге асыру шартттары:
1. Компонентке Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады;
2. «Аға сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;
3. Шетелдік сарапшылардың ұшақпен келу және қызметтеріне ақы төлеу шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі;
4. Сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындарын, атап айтқанда, жүріп-тұруы, тұрғын үй жалдауы, тәуліктік ақылары, аудармашы қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жеке есептерінен жүзеге асырылады.
Сұрақтар бойынша Палатаға және облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына хабарласа аласыз.
Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02
Сall-Center – 1432.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.