АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

Отырыстың күн тәртібінде «Нұр Отан» Партиясының фракция және оның мүшелерінің қызметін бағалау ережесі туралы. «Нұр Отан» Партиясы депутаттық фракциясының 2017 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы және аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы үш мәселе қаралды. Фракция отырысында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын міндер бойынша өзекті мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, күн тәртібі бойынша 2018 жылы атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді.