Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "-деген болатын.
Бүгін қалалық партия филиалының мәжіліс залында депутаттық фракция мүшелері тіл мамандарының қатысуыменлатын әліпбиіне көшу бағытындағы жұмыстарды пысықтады.
Атаулы жиынды қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов ашып,латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды.
- Латын әліпбиіне көшуұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды.Ал оны қолдану заман талабы. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез-келген жаңа дүниелермен санасуыға дайын болуымыз керек»,- деді Шәріп Әбдірахманов.
Сондай-аққалалық партия филиалы төрағасыныңбірінші орынбасарыреформаны насихаттау бағытындағы фракция жұмысына тоқталып өтті.
-Қызылорда қалалық мәслихатында 19 депутат бар. Олардың барлығы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері.Олар тіл мамандары, партия белсенділерінен жасақталған 9 ақпараттық насихаттық топтардың құрамында қалаға қарасты барлық ауылдық елді мекендерде 40 жуық түрлі кездесулер ұйымдастырып,270 мыңнан астам тұрғындарды қамтыды.Онан бөлек БАҚ-да, әлеуметік желілерде 100 жуық мақалалар мен посттар жарияланды. Ақпараттық жұмыстардың нәтижесінде қала халқының 75 пайызы реформаны қолдап отыр»,-деді қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.
Жиында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов сөз алып, тұрғындар арасында латын қарпіне көшу төңірегіндегі жұмыстарға күмәнмен қараушылар үшін сананы жаңғырту бағытындағы идеологиялық жұмыстарды күшейту керектігін алға тартты.
Жиын соңында фракция мүшелері тіл мамандарымен ортақ пікірге келіп, ел болашағы жолындағы Елбасы шешімін іске асыруда барынша жұмыла жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.



24 қараша 2017 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам