ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Әдеп жөніндегі кеңестің 2017 жылғы 3 тоқсандағы шешімдерінің орындалуының жай-күйі туралы Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б. Байхожаев баяндама жасады.
Отырыста қаралған бірінші мәселе Қызылорда облысының білім басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ. Ерташованың баяндамасы тындалды.
Әдеп жөніндегі кеңес Қызылорда қаласы және барлық аудан әкімдеріне, сондай-ақ білім басқармасына білім саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептеріне мониторинг жасап, нәтижесімен білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.