ҚЫЗЫЛОРДАДА «БОРЫШКЕР» ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аталған кеңеске облыстық прокуратурасының маманы, жеке сот орындаушылар, әділет департаментінің өкілі, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының өкілдері және жергілікті полиция қызметкерлері қатысқан.
Кеңестің шешімі бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін облыс көлемінде «Борышкер» профилактикалық іс-шарасын өткізу шешімі қабылданды. Аталған іс-шараны өткізу мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өкімет бюджетіне өндіру болып табылады. Іс-шара барысында қала аумағында барлығы 5 мобилді топ құрылып, 10 полиция қызметкері және 5 жеке сот орындаушылары жұмылдырылды.