Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ


«Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жылды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті. Мәжіліс аясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыс әкімінің кеңесшісі Айгүл Сағымбай және басқарма басшысы Олжас Акимов 17 спортшыға спорттық атақтар беру туралы куәліктерді табыстады.
Оның ішінде индорхоккейден «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағымен Сұлтанбек Қобландин, «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» - тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы Хәкімжан Елеусінов, «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» - ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аят Әмірбеков марапатталды. Қалған спортшыларға спорт түрлерінен ҚР спорт шебері атағының куәліктері берілді.
Жыл қорытындысы бойынша үздік спорт¬шылар, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен тବныл¬ған қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Бокстан Әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, грек-рим күресінен V Азия ойындары және Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали, мәнерлеп сырғанаудан қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік спортшылары» атанды.
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген атаққа бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Байғұндиев, грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн, байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков лайық деп танылды.
Сондай-ақ, қалалық, аудандық спорт бөлімдері арасында Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған екінші, Сырдария үшінші орындарды иеленді.
Спорт мектептері арасында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі бірінші, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі екінші, №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі үшінші орындарды еншіледі.
29 желтоқсан 2017 ж. 2 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 040 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам