Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

 «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында ағымдағы жылдың екінші және үшінші тоқсанды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары, орынбасарлары қатысты.
Мәжілісті бастау алдында басқарма басшысы Олжас Акимовсегіз спортшыға ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шебері куәліктерін тапсырды. Оны ішінде бокстан Қамшыбек Қоңқабаев ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағымен марапатталса, велоспорттан Ғабиден Әзен ҚР спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәліктерін иеленді. Қалған спортшылар Назерке Өмірғалиева (жеңіл атлетика), Гүлжайна Тыныбекова, Қожахмет Алтынбек (екеуі де байдарка мен каноэде есу), Ерсұлтан Әли (велоспорт), Әзиз Санатбаев пен Ақжол Зайыпқа (екеуі де бокс) ҚР спорт шебері куәлігі берілді.
Күн тәртібінде №4 және №5облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерініңбілікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау жұмыстары, Сырдария және Жалағаш аудандарының дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің «Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері» әкімшілік деректердің нақтылығы туралы хабарламалар жасалынды.
Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.




06 қараша 2017 ж. 2 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам