Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫДА ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ШАРАСЫ ӨТТІ


Қазалы ауданында 2017 жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жыл көлемінде атқарылған игі істерде әрбір қазалылықтың еңбегі бар екендігін ерекше атап өтті.
Биыл Қазалы ауданында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 10,4 млрд. теңгені құрап, 6,1 пайызға артқан. Өнім көлемінің еселеп артуы жергілікті бюджетке салық түсімінің ұлғаюына оң әсерін тигізді.
Кәсіпкерлер қатары да көбейіп келеді. Бүгінде аудандағы 4 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 9 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Алдағы жылы бірнеше инвестициялық жоба іске аспақ. «РЗА» АҚ ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының 2-ші кезеңін қосу арқылы мал басын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал «Сыр Маржаны» ЖШС «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасымен келісімдер жасауда.
Бизнеске қолайлы жағдай туғызу мақсатында ашылған «Өндірістік аймақта» құны 400 млн. теңгеге жуық тағы жаңа 9 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның 4-і толық іске қосылды.
Бірнеше мемлекеттердің арасын жалғайтын Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінің аудан аумағынан 96 шақырым бөлігі өтетінін ескерсек, Қазалының экономикалық дамуына ғасыр жобасының қосар үлесі ерекше екені белгілі. Көлік дәлізі бойынан 2 нысан іске қосылып, тағы 3 жоба бойынша жұмыстар жүруде.
Ауылшаруашылығы саласының да биыл мерейі үстем болды. 9,3 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліп, 135 млн. теңгенің инвестициясы салынды.
Ауданда құрылыс та қарқынды дамуда. Биылдың өзінде 4 млрд-тан астам қаржы құрылыс саласында игерілді. 5 мектеп, 1 ауылдық клуб пайдалануға берілсе, 1 спорт кешені, 1 мектеп салынуда. Келер жылы Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйі мен 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады.
Алдағы жылы 6 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары қаржыландыруға ұсынылған. Ал оң шешімін тапқан «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірі келер жылы іске қосылады.
Ауданда апатты мектептер мәселесі толық шешілді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызға орындалды.
Тұрғындардың денсаулығын жақсарту да басты назарымызда. Жақында заманауи медициналық құралдармен жабдықталған 150 орындық аурухана іске қосылатын болады.Енді жаңа аурухана жанынан 250 орындық аудандық емхана салу жоспарлануда.
Салтанатты кеште жылдың нәтижелі болуына үлес қосқан «Жыл үздіктері» түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
30 желтоқсан 2017 ж. 1 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам