Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ИНДУСТРИАЛДЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРҒАН КӘСІПОРЫНДАР

ИНДУСТРИАЛДЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРҒАН КӘСІПОРЫНДАР

 Өңірдің өнеркәсіп саласының ауқымы жыл өткен сайын айтарлықтай кеңейе түсуде. Индустриалдық-инновациялық мүмкіндігі артып, облыстың ғана емес, тұтас еліміздің экономикалық тұрғыдан жандануына ықпал етуде. Аталмыш нысандардың саны да ұлғайып, жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына сеп болуда.

 Осы орайда қаладағы өнеркәсіп қызметімен айналысатын кәсіпкерлік нысандарына баспасөз-туры ұйымдастырылып, БАҚ өкілдері зауыттардың жұмыс барысымен танысып қайтты. Мұндағы мақсат – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, олардың жұмысын көпшілік арасында насихаттау. «Нұр Строй ЛТД» ЖШС темір-бетон өнімін өндіретін зауыт өз жұмысын алғаш 1972 жылы бастаған еді. Шағын нысан қазір ауқымы кең өндіріс ошағына айналған. Зауыттың қуаттылығы жылына 45 мың тонна темір-бетон өнімін өндіруге арналған. Жоғары мүмкіндіктері бар автоматтандырылған техникалар бүгінде бетонның 276 түрін нарыққа шығаруда. Оның ішінде көп бөлімді жабын тақталары, ленталы іргетастар, темір бетонды маңдайшалар, су жүретін трубалар, 14 метрге дейінгі свилар, жол мен жаяу жүргінші тақталары мен өзге де құрылыс заттары бар. Кәсіпорын директоры Нұрлыбек Қалекеевтің айтуынша, қазір дарияның сол жағалауында жүріп жатқан бірқатар құрылыстарға қажетті бетондарды жеткізу аталмыш зауытқа міндеттеліпті. – Комбинатта 6 өндірістік цех жұмыс істейді. Олардың қатарында бетон құю, темір дайындайтын, электр және механикалық жөндеу, шикізат цехтары бар. Сондай-ақ, зауыт өз жөндеу механикалық шеберханасы, сақтау қоймалары, пар котелдері, құм мен қиыршық тас карьерлерімен жабдықталған. Қазіргі таңда тек облыс шеңберінде ғана емес, басқа өңірлердің де сұранысын қанағаттандырып отырмыз. Жезқазған, Ақтөбе, Түркістан аймақтарынан тапсырыстар түсуде. Өңіраралық бизнес байланысын арыттыруға, олардың қажеттілігін жоғары деңгейде өтеп беруге біздің зауыттың қауқары жетеді, – дейді директор. Расында, өте ауқымды кәсіпорынның техникалық және кадрлық қамтамасыз етілу көрсеткіші мол. Мәселен, жаңа технологиялармен жабдықталған аккредитацияланған сынақ зертханасында асфальт-бетон мен кірпіш өнімдері, темірлер, инертті материалдар зерттеледі. Аталмыш зертхана барлық өлшеуіш құралдармен, техникалық нормалы құжаттар және білікті мамандармен жеткілікті түрде қамтылған. Ұзын саны 190-ға тарта адам тұрақты еңбек ететін іргелі өндіріс ошағы жұмысшыларына барлық жағдайды жасап қойған. Тамақтану тегін, жалақы уақытылы. Мәселен, инженер-технолог Сәулегүл Дүйсенова осында 20 жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келеді.Ал, «НефтьПромСнаб» ЖШС шыны-пластикалық құбырларды өндіру зауытының ашылғанына көп бола қоймаса да өзге өңірлерден сұраныс түсіп үлгерген. Шағын кәсіпорын бүгінде 20-ға тарта адамды еңбекпен қамтып отыр. Нысан қазірге дейін Қытай, Еуропа және алыс шетелдерден шыны-пластикалық құбырларды жеткізумен айналысып келген. Ал, ағымдағы жылдан бастап мұнай және газ саласына арналған құралдарды өздері өндіруді қолға алған. Өнім шығару қуаттылығы жылына 120 мың метрді құрайды. Зауыт директоры Қазбек Қуанышбаевтың айтуынша, толықтай автоматтандырылған жүйеге көшкен құрылғылар арнайы Қытайдан әкелінген. Ал, пластика сыртына оралатын желім Оңтүстік Кореяден жеткізіліпті. Осылайша аймақ экономикасының қарқынды дамуына ықпал етіп отырған кәсіп иелері алдағы уақытта зауыт тынысын кеңейтіп, сапалы өнім түрін ұсынуға жүйелі жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.


10 қазан 2017 ж. 1 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам