2018 ЖЫЛҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ КӨШІРІЛДІ – ҮКІМЕТ ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері көшірілді, деп хабарлайды primeminister.kz.
2018 жылғы демалыс күндері: 3 наурыздан 9 наурыз жұмаға; 28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге; 5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге; 25 тамыздан 31 тамыз жұмаға; 29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді. Анықтама: ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Дереккөз: inform.kz