БЕКБАУЫЛДАҒЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
Бекбауыл ауылдық округі тұрғындары тарапынан айтылған Бекбауылдағы Қазалы-ЭЧ 26 мекемесіне қарасты электр желісі тозығы жеткен еді.
Аталмыш электр желісін күрделі жөндеуден өткізіп, аудандық «КРЭК»АҚ мекемесіне қосуға ықпал жасау мәселесі бойынша қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-на қарасты Қазалы ЭЧ-26 мекемесі теңгерімінен «ҚЭТТҚ»АҚ мекемесі теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.
Үстіміздеігі жылдың қаңтар айының 8-нен бастап электр энегиясымен қамтамасыз ететін электр желілерін көшіру жұмыстарына «ҚЭТТК» АҚ Арал электр торабы мекемесінен 5 техника және 10 адам келіп жұмыс жасауда. Электр желілерін көшіру жұмыстары қаңтар айының екінші онкүндігінде аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.