Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАРҚЫН ӨМІРДІҢ ЖАСАМПАЗ ЖОБАСЫ

ЖАРҚЫН ӨМІРДІҢ ЖАСАМПАЗ ЖОБАСЫ

  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарияланды. Жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжатта нақтыланған 10 міндетті жүзеге асыру алдағы міндетіміз. Осыған орай сала басшыларының қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті.
Оған облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Индира Ақжігітова, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы Қыдыркүл Құдабекова, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Жақсылық Әбдусаметов, облыстық медицина орталығының директоры Сәбит Пазылов қатысты.
– Биылдан бастап, Қарағанды облысы денсаулық саласы, Павлодар аймағы білім, ал Қызылорда «ақылды басқару» бойынша пилоттық өңір боп бекітілді. Енді төрт жыл ішінде үздік жобалар іріктеледі. Сөйтіп, олар өзге облыстарда жүзеге асады. Ал, Smart City дегеніміз – бұл ақылды қала. Ол халықтың қолайлы өмір сүру жағдайын жақсарту үшін ресурстар мен қызметтерді басқару тиімділігін арттыру стратегиясы саналады. Бүгінде бұл бойынша әлем елдері тарапынан оң тәжірибе қалыптасқан. Мәселен, Канадада – қауіпсіздік, Испанияның Барселона қаласында – көлік, ал АҚШ-та – қалдықтарды жою мәселесіне назар аударылған. Ал, Сингапурде әлеуметтік қызметтерді көрсету саласы дамыған. Бұл игілікті істі өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттыруға жол ашпақ, – деді И.Ақжігітова.
Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық, білім салалары да жаңашыл бастамаларға қол жеткізуде. Ақзира Қасымованың айтуынша, «Ақылды қала» тұжырымдамасы негізінде білім беру саласында 66 бағыт бар. Бүгінде оның 33-і өмірге енгізілген. Мәселен, «Күнделік», «Bilimland», ұлттық білім беру дерек қоры ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылуда. Мұндағы бір ерекшелік – қағазбастылық азаяды. Сондай-ақ, алдағы уақытта ата-аналар онлайн режимде балалардың бағалануын қадағалай алады. Қазір «Bilimland» цифрлы білім беру контентіне облыстағы 291 мектеп қосылған. Оның 148-і онлайн, 143 – офлайн режимінде жұмыс істейді.
Ал, денсаулық сақтау саласына 45 талап қойылды. Бүгінде олардың 39-ын орындауға аймақ медицинасының толықтай мүмкіндігі бар. Осыған орай біздің өңірде бұл бағдарламаны орындау көрсеткіші 89 пайызды құрап отыр. Алдағы уақытта оны 100 пайызға жеткізу көзделуде.
Осылайша «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, оның ішінде «Ақылды қала» тұжырымдамасы өмір сүру сапасын жақсартпақ.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.



15 қаңтар 2018 ж. 2 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам