Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚУАҢДАРИЯДА ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛДІ

ҚУАҢДАРИЯДА ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛДІ


Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы оқушылар бұған дейін асар әдісімен салынған апаттық мектепте оқып келген еді.
Бұл күндері ауыл өрендері 140 орындық жаңа білім ордасында білім алуда. Озық компьютерлермен жабдықталған мультимедиялық кабинеті бар мектепте сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Нәтижесінде аудандағы апаттық жағдайдағы мектептер толығымен жойылды. Сондай ақ, бұл округ бойынша да «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 34,2 млн.теңгеге барлық ауыз су желісі түгелдей жаңартылып, үй іргелік жерлеріне су құбырлары тартылып, есептегіш құралдары қойылып берілді.
Қазіргі уақытта ауыз су мәселесі толықтай шешімін тауып, тұрғындарға ауыз су үзіліссіз жиырма төрт сағат бойы берілуде. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытуға, шабындық жерлер мен жайылымдарды ұлғайтуға және балық шаруашылығын дамытуға 2017 жылы облыстық бюджеттен 281 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-Көлдей» сумен қамтамасыз ету және экологиялық жағдайын жақсарту жобасы іске асырылды. Нәтижесінде, «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-Көлдей» каналдары тазаланып, сағаларына екі көзді су тоспалары салынды. Сонымен қатар, жоба аясында Қуандария өзегінің Қарақ учаскесінің тұсынан 2 жерден 5 көзді су тоспасы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде, Қуаңдария, Көмекбаев ауылдық округтеріндегі мал шаруашылығын дамытуға жайылымдық жерлер ұлғайып, мал азығын дайындауға шабындық жерлер көбейе түседі. Және де балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізетін болады. Бұл туралы аудан басшысы Қуаңдария ауылдық округінде өткен есепті кездесуінде мәлімдеді. Сұлтан Ысқақұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарды жүйелеп, алда атқарылар жаңа міндеттерді ортаға салды.
Сондай-ақ, аудан әкімі қуаңдариялықтарға бақша, көкөніс егу жұмыстарына пайдаланатын «Трактор» көлігін алып беруге жұмыс жасайтынын жеткізді. Кездесу соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, ауданда атқарылып жатқан игі істерге жоғары бағасын беріп, ауыл тұрғындары атынан алғысын айтты.
16 қаңтар 2018 ж. 1 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 069 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам