Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАН МЕН АМЕРИКА АРАСЫНДА ВИЗАСЫЗ ТӘРТІП ОРНАУЫ МҮМКІН

ҚАЗАҚСТАН МЕН АМЕРИКА АРАСЫНДА ВИЗАСЫЗ ТӘРТІП ОРНАУЫ МҮМКІН

  Қазақстан мен Америка арасында визасыз тәртіп орнауы мүмкін. Құрама Штаттарда ресми сапармен жүрген Нұрсұлтан Назарбаевқа осындай ұсыныс тастады. Өйткені, біздің елде Америка азаматтары виза рәсімдемей-ақ келіп-кетіп жүр. Жалпы тарихи деп баға берілген іссапарда Назарбаев пен Трамп бірден тіл табысып, әлемдік саясаттан бастап, ортақ экономикалық жобаларды талқылап үлгерді, деп хабарлады КТК арнасы.

Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018-ші  жылдағы ең алғашқы шетелдік іссапары болса, ал Ақ үй үшін Елбасы осы жылда Вашингтонға ат басын бұрған бірінші президент. Бұған дейін Назарбаев пен Трамп бір рет жолығып, телефонмен тілдескені болмаса, дәл осылай екі елдің алыс-берісі мен барыс келісі кеңінен талқыланған емес. Сондықтан тарихи деп бағаланған бұл кездесуді тараптар ұзақ күтті.
Дональд Трамп әріптесін Ақ үйдің алдына шығып, жеке өзі қарсы алды. Халықаралық протоколдың тілімен айтқанда,бұл үлкен құрмет. Кейін президенттер екі елдің арасындағы алыс беріс пен барыс келісті оңаша отырып талқылады.
“Біз Қазақстанды Орта Азиядағы ең мықты елдердің бірі деп есептейміз. Сондықтан байланысымыз бұдан әрі де нығаятын болады. АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған елдердің бірі екенін айта кеткен дұрыс”, – дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Осындай сөздерден кейін президенттердің әңгімесе жарасып кетті. Әрине ресми Вашингтонның Қазақстанда геосаяси ғана емес, коммерциялық мүддесі де жатыр. Өйткені еліміздің  мұнай газ саласында американның алпауыт компаниялары көп.
“Бойнг ұшақтарын сатып алу жөнінде келістік. 900 электровоз құрастыру жөнінде уағдаластық.Аграрлық салада да бірігіп жұмыс істеу ойымыз бар. Бастысы визасыз режим орнатуды көздейміз. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу жоспарда бар”, – дейді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Жалпы Америка кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 50 миллиардқа жуық доллар инвестиция құйған. Ал осы ісспар кезінде тағы 7 жарым милилард доллардың келісім шартына қол қойылмақ. Осы жерде Назарбаев Трампқа 5 жыл бұрын жасалған салық реформасын еске салды. Тіпті Трамптың жақында дүниеге келген немересіне құтты болсын айтуды да ұмытқан жоқ.
“Тоғызыншы немереңіздің дүниеге келгенімен құттықтаймын. Былтыр менде де осындай қуаныш болған. Қазір 10 немерем бар”, – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Вашингтон мен Астана расында уақыт айырмашылығы 10 сағат екенін ескерсек, келіссөздер қас қарайғанша дейін жалғасып жатыр. Сондай-ақ Трамп пен Назарбаевтың кездесуінде Орталық Азия, Ауғанстан, Солтүстік Корея мен Иранның ядролық қаруына қатысты мәселелер көтерілді. Қазақстан басшысы әріптесіне Орта Азия мен АҚШ арасында жоғарғы деңгейде кездесулер ұйымдастырып тұруға да ұсыныс жасады.
http://stan.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам