ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Былтыр облыстағы тұрғын үй құрылысына 33 321 млн. теңге салынды, бұл 2016 жылға қарағанда 23,4%-ға кем, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Жыл аясында 3443 жеке үй, көппәтерлі 44 үй пайдалануға берілді.
Жалпы тұрғын ғимараттардың 1 шаршы метрінің орташа нақты шығынына 64,5 мың теңге кетсе, жеке тұрғын үйдің шаршы метрі 48,1 мың теңгені құрады.