ЖАҢА ӘЛІПБИ - ЖАҢА МҮМКІНДІК

Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасы «Тілдерді оқыту орталығының» қызметкері Б. Байділдаева тіл реформасы еліміздің саяси-тарихи бетбұрыс екенін, жаңа кезең жаңа мүмкіндіктер беретінін баса айтты.Дәл осы бағыттағы түсіндірме жұмыстары «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы қызметкерлері арасында да жүргізілді. Оған облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева қатысып, ғылыми тұрғыдан көзқарасын білдірді. Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жаныгүл Ерекешова облыстық «Нұр Отан» партиясының «Тұран» филиалы қызметкерлеріне «Кіл жүйрік, кіл жүйректен кім жүйрік?» тақырыбында сайыс сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында тыңдаушылар топқа бөлініп, қазақтың салт-дəстүрлері, шешендік сөздері бойынша білімдерін сынға салды. Нəтижесінде екі топ тең дəрежеде көрсеткіш көрсетіп, «Тамыры терең əліпби» тақырыбында өз ойларын жеткізді.