ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жоба аясында облыстық прокуратура қызметкерлері аудан тұрғындарын әлеуметтік маңызды сауалдары бойынша жеке қабылдау ұйымдастыруда. Жеке қабылдау 2-6 қазан аралығында Әйтеке би кенті әкімдігінің ғимаратында жүргізіледі.
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін құрылған мобильдік топқа құзырлы сала мамандары ензізілген. Атап айтқанда, облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті, облыстық денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері және дағдарыс орталығының мамандары бар.