Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖОЛДЫҢ 500 ШАҚЫРЫМЫ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

ЖОЛДЫҢ 500 ШАҚЫРЫМЫ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

   2018 жылы ұзақтығы шамамен 500 шақырым республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы жүйе енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Бүгін Үкімет отырысында мәлімдеме жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Астана мен Алматы аралығындағы Орталық-Оңтүстік және Астана мен Өскемен аралығындағы Орталық-Шығыс дәлізідерінің құрылысы жалғасады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірінде туризмді және Қытай Халық Республикасынан тауар айналымын ұлғайтуды қамтамасыз ететін Алматы-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық жолдары жаңғыртылады.
«Жаңа жолдарды сапалы күтіп ұстау және қолайлы және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы ұзақтығы шамамен 500 шақырым республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы жүйе енгізу жоспарлануда», - деді министр. Оның айтуынша, көліктік ағымдарды тиімді басқару және инфрақұрылымның одан әрі даму қажеттілігін анықтау мақсатында цифрлық технологияларды қолданумен Интеллектуалдық көліктік жүйені кезең-кезеңмен енгізу жөнінде жоспар қабылданатын болады.
Айта кетейік, Үкімет отырысында министрлер кабинеті аталған мәлімдемені бірауыздан қолдап, қабылдаған болатын.
30 қаңтар 2018 ж. 1 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам