ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРДІ
Кеше Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан тұрғындарының алдында қорытынды есеп берді. Есеп беру жиынына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешев арнайы қатысты.
Аудан басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді де жеткізді. М.Ергешбаев мәлімдегендей, «Нұрлы жер» бағдарламасымен 6 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Алда қала мен кент аралығынан тағы да тұрғын үйлер салу жоспарда бар. Қазір «ОРДА» жол картасы бойынша ұзақ мерзімді несиемен тұрғын үй алғысы келетін азаматтардың тізімі жасақталуда. Бұл біріншіден, жер кезектілігін азайтса, екіншіден, тұрғын үй бойынша да өтініштердің санын төмендетуге мүмкіндік бермек.