Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫРДАРИЯДА ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

СЫРДАРИЯДА ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

  Бүгін Сырдария ауданында халыққа есеп беру жиындары басталды.
Есеп беру жиынына облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқаймова, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Ең алғашқы жиын Айдарлы ауылдық округінде өтіп, Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Есепте кезеңде жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы реформалардың іске асырылу барысына тоқталды. Сонымен бірге, 2017 жыл аудан үшін табысты болғанын атап өтті. Есеп беру жиыны барысында Айдарлы ауылдық округінің әкімі Ғ.Дүйсебеков, Айдарлы ауылдық учаскелік полиция инспекторы М.Байназаров есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді. Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін облыс бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. Есеп беру жиынында бірқатар ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне жоғары баға берді.


15 қаңтар 2018 ж. 1 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 079 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам