ІШІМДІК ЖЕТІ ТҮРЛІ РАКТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА СЕБЕПШІ – ҒАЛЫМДАР

Ішімдік омырау және рактың өзге 6 түріне әкеліп соқтырады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.
«Алкогольді сусындардың барлық түрінде этанол бар. Бұл қоспа жасушаларды зақымдап, оларды бұзады», - делінген ұйым хабарламасында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, алкоголь әйелдер гормонына әсер етіп, зақымданған жасушалардың санын арттырып, сүт безі рагына шалдықтырады. Мысалы, әйел адам күніне 4 стақан қызыл шарап ішсе, аталған ауруға шалдығу қаупі 50% жоғарылайды.