ЫСТЫҚ ШАЙДЫҢ БЕЛГІСІЗ ПАЙДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Америкалық ғалымдар күнде ыстық шай ішу адамның глаукома ауруына шалдығу қаупін 74 пайызға төмендетеді деген қорытынды шығарды. Зерттеу British Journal of Ophthalmology журналына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Кофе, салқын шай, кофеинсіз шай және басқа да алкогольсіз сусындар глаукоманың пайда болуына әсер етпейді. Диабет пен темекі шегу осы ауруға әкеп соғуы мүмкін.
2017 жылы жүргізілген сауалнамадан кейін 1678 адамның көзі тексерілді. Олардың 84-інде (бес пайызында) глаукоманың алғашқы белгілері байқалды. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардан соңғы жылы қаншалықты жиі және қандай мөлшерде кофеині бар немесе жоқ сусын ішкені сұралды.
2016 жылы маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ісік ауруын зерттеу халықаралық агенттігі күнделікті ыстық сусындарды (кофе, шай) ішу денсаулыққа зиян деген мәлімдеме жасаған болатын.
Ал, глаукома көру жүйкесінің зақымдануына әкеп соғатын көз ішіндегі қысымның көтерілуінен пайда болады. Бұл ауру әлем бойынша соқырлыққа апаратын себептердің бірі. Қазіргі таңда 57,5 миллион адам глаукомамен ауырады. 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 65,5 миллионға дейін өсуі мүмкін.