Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШЕГІРТКЕДЕН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

ШЕГІРТКЕДЕН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

   Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді. Инспекция басшысының айтуынша өсімдіктерді қорғау мақсатында зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды уақытылы жүріп келеді.
Республикалық бюджет есебінен италиялық прус зиянкесіне қарсы 68 мың гектар және азиялық шегіртке зиянкесіне қарсы 85 мың гектарға жуық жерге химиялық өңдеу жүргізілген. Барлық өңделген жер көлемі 153 325 гектарды құрайды. Мұнан бөлек жергілікті бюджет есебінен саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы 44 162 гектар алқапқа және күріш зиянкесі жағалық шыбынға қарсы  4 669 гектар жерге химиялық өңдеу шаралары жүрген.
– Жылдағыдай, жергілікті атқарушы органмен бірлескен жұмыс жоспары бекітіліп, шекаралас облыстармен шегіртке тектес зиянкестермен бірлесе күресу үшін меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта италиялық прусқа қарсы 65,5 гектар азиялық шегірткеге қарсы 78,8 гектар және саяқ шегірткеге қарсы 68,6 гектар күріш зиянкесі жағалық шыбынға қарсы 4908 гектар алқап химиялық өңдеу жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді Е.Бекжанов.
Қызылорда облысы бойынша аккредиттелген зертханалар «Казагрэкс»  АҚ Қызылорда филиалы және «Астық сапасы» ЖШС астықтың сапасына сараптама жасауды жүзеге асырып келеді. Нәтижесінде «Казагрэкс» АҚ филиалымен ақ күріш, ұсақ күріш өңдейтін шаруашылықтарға сертификат табысталған.
Облысымызда статистикаға сәйкес 309 635 бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 164 430 басы аналық сиыр, қой мен ешкі 586 712 бас, 120 490 бас жылқы, 42 390 бас түйе, 112 773 бас құс, 2 302 бас шошқа тіркелген.
– Жалпы, республикалық палатаға облысымыздан 41 шаруашылық құрылымдары кірген. Оның ішінде мүйізді ірі қара малының ет бағытындағы 7 шаруашылық,  сүт бағытындағы 3 шаруашылық бар.  «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен 70 шаруашылыққа 437 млн. теңгеден несие берілді. Алынған қаржы 2531 бас аналық пен 121 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсалуда, – деді  инспекция басшысы.
Облыс бойынша 3101 жеке шаруашылықтардың бірігуімен 249 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның ішінде егін саласы бойынша 52 кооператив, мал шаруашылығы саласы бойынша 82 кооператив, көпсалалы 112 кооператив құрап отыр.
                                                                                                                                    Айдархан ӘБДІҚАДЫРОВ,
                                                                                                                                    ҚМУ-дің IV курс студенті.
06 ақпан 2018 ж. 1 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам