ҚАЗАЛЫДА 5 ЖАҢА ҚОНЫСТАНУ АЙМАҒЫ ИГЕРІЛУДЕ

Әйтеке би кентінің 5-квартал аумағынан 210 гектар, Әйтеке би-Басықара автожолы бағытында көлемі 56 гектар және Әйтеке би кенті-Қазалы қаласы аралығынан 180 гектар жерге түбегейлі жоспарлау жобасы жасалды.
Ал Қазалы қаласы бойынша көлемі 180 және 81 гектар жер учаскесі бойынша жоба әзірленуде. Осы жұмыстардың негізінде үш мыңға жуық қазалылыққа жер берілетін болады.