ҚҰДАЙБЕРГЕН САРЖАНОВ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Биыл Қазақ ССР балық шаруашылығының бұрынғы министрі, Еңбек ардагері Құдайберген Саржанов 80 жасқа толған мерейтойын атап өтті.
Ол Арал теңізін құтқаруға және қаяз балығын сақтап қалуға үлес қосқан жандардың бірі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Құдайберген Саржанұлын мерейтойымен құттықтады.
Көп жылдардан бергі балық шаруашылығы саласындағы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Саржанов Қызылорда облысының және "Нұр Отан" партиясының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.