Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИЫЛ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ 100 ПАЙЫЗ КОМПЬЮТЕРЛЕНЕДІ

БИЫЛ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ 100 ПАЙЫЗ КОМПЬЮТЕРЛЕНЕДІ

   Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
2016 жылы электронды денсаулық сақтауды дамыту концепциясы бекітілген. Соған сәйкес, саланы ақпараттандыру жұмыстары жүйеленді. Бүгінде емдеуге жатқызу бюросы, бекітілген халық тіркелімі, стационарлық, онкологиялық, диспансерлік науқастардың тіркелімі, дәрілік қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. "Ақпараттық жүйені енгізу арқылы денсаулық сақтау ұйымдары автоматтандырылады. Клиникалық және әкімшілік қажетті ақпаратты қалыптастырады және кезең-кезеңімен қағазсыз технологияларға көшу қамтамасыз етіледі. Бүгінде компьютерлік техникамен жабдықталу 80 пайызды, ал интернет желісіне қол жетімділік 77,6 пайызды құрайды. Денсаулық сақтау ұйымдарын компьтерлендіруді биыл 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осы жылы мыңнан аса компьтерлік техника алынады", - деді Жақсылық Әбілқасымұлы. Сонымен қатар, облыс бойынша жедел медициналық көмек қызметі стансасы "Көмек" автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жұмыс жасап жатқанына 2 жыл болды. Қазіргі таңда, жедел көмек бригадалары GPS навигациясымен 100% қамтамасыз етілген.
07 ақпан 2018 ж. 1 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам