АВТОБУСҚА ДИВАН ҚОЙЫП ТАСТАҒАН ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖҰРТТЫ ТАҢЫРҚАТТЫ (ФОТО)

Салонына диван қойылған №60А бағыттағы автобус жайлы Facebook қолданушысы Гүл Советханқызы желіде жазған.
"60А бағытында қатынайтын автобус. Егесіне респект! Жолаушылардың жағдайын ойлап, жанын түсінген осындай болар! Ұрпағыңмен мың жаса! Өмірімде бірінші рет қала ішілік автобуста рахаттанып отырмын", - деп жазды ол.
Айта кетейік, қоғамдық көлік барлығы 47 аялдамаға барады екен.