Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУІ ТИІС

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУІ ТИІС

  Осы аптаның бейсенбісінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Қала басшысы алдымен кадрлық өзгеріске тоқталды. Көптеген қызметті абыроймен атқарып жүрген Нұржан Ахатов енді «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры қызметіне тағайындалды. Қала әкімі жаңа қызметке тағайындалған Н.Ахатовқа сәттілік тіледі.
Мәжіліс барысында алғашқы мәселе кент және ауылдық округтердің 4 деңгейлі бюджеттерін қалыптастыру бағытындағы дайындық барысы жайында өрбіді. Ол туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнәр Баймаханова баяндап берді.
– Қалаға қарасты 2 кент және 6 ауылдық округтің 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобалары әзірленді. Талсуат ауылдық округінде халық саны 2000 адамнан аз болуына байланысты бюджеттік бағдарлама шығындары қалалық бюджет құрамында қарастырылды, – деді бөлім басшысы.
Екінші мәселе – жолаушылар тасымалдау қызметі мен қоғамдық көлік қатынасын реттеу тақырыбында қалалық коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Құлмағанбетов айтып берді.
Бүгінде қалаішілік 25 және қала маңына қатынайтын 6 бағыт бойынша барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде. «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қарасты жаңа үлгідегі 112 автобус қалаішілік 6 бағытты қамтып отыр. Ал, қалғандары – жеке кәсіпкерлер иелігіндегі қоғамдық көліктер.
Жаңа үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы автобустар бейнекамералармен, GPS құрылғыларымен және мүмкіндігі шектеулі жандарды мінгізіп-түсіретін арнайы құрылғылармен толықтай жабдықталған.
Жергілікті тұрғындарды сапалы әрі жайлы қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің тікелей тапсырмасымен құзырлы органдар күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 60-тан астам қоғамдық көліктің келісім-шартта көрсетілген талаптарды орындамағаны анықталды. Олардан қалалық әкімшіліктің жолаушылар мен багаждарды тасымалдауға құқық берген куәліктері алынды. Көрсетілген кемшіліктер толықтай қалпына келтіргенше уақытша бағыттан шығарылды. Сондай-ақ, осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін 103 кондукторға байланысты жинақталған құжаттар облыстық көліктік бақылау инспекциясына жолданды. Осыған орай, оның 83-не 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
– Рейд жұмыстары барысында қызмет көрсету сапасын арттыру, автокөліктердің техникалық жағдайы, аралық интервалды, жолаушылармен қарым-қатынас мәдениетін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді, – деді Т.Құлмағанбетов.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес орта сыйымдылықтағы жаңа үлгідегі 150 автобус алуға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі күні алғашқы 10 көлікті сатып алу жоспарланып отыр.
Аппарат мәжілісінің соңында қала әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Автобустағы келеңсіздіктер, аялдамаларды сындырып кету секілді мәселелер баса айтылды.
– Қоғамдық көлік иелеріне қойылар талап қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Оған тұрақты түрде назар аударылуда. Бірақ, әлі күнге дейін түбегейлі шешімін табар емес. Тұрғындар көңілінен шығатын деңгейге жетуіміз тиіс.
Осыған орай рейдті қатаң бақылауға алу қажет, – деді қала басшысы. Оған қоса қаланың қоғамдық тыныштығы да назардан тыс қалмады. Бұл бағытта тәртіп сақшыларына біраз тапсырмалар жүктелді.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
11 желтоқсан 2017 ж. 1 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам