Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЖОЮ НЕГІЗІ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЖОЮ НЕГІЗІ

   Монополияға қарсы ықпал етудің жаңа құралы – хабарламаның мақсаты бұзушылықтар белгілері бар болғанда тергеп-тексеру жүргізбестен және жауапкершілікке тартпастан алдын-алу шараларын қолдану болып табылады. Осындай институтты енгізу монополияға қарсы органмен жүргізілетін тергеп-тексеру жүргізу шеңберінде, сондай-ақ Нарық субъектілерінің тізілімінің жойылуына байланысты монополиялық немесе үстем жағдайды айқындау және анықтау құқығын алу арқылы өзектілікке ие болады.
     Осы құрал құқық бұзушылықтарды және олардың пайда болу себептерін жоюға мүмкіндік береді және шын мәнінде монополистік қызметті жүзеге асыру үшін алдын алу шарасы болып табылады. Бұл ретте осы құралды енгізу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқпайды, нарық субъектілерінің монополияға қарсы органның алдын ала ескертуін елемеуінің салдары тергеп-тексеру ісін қозғау болып табылады.
Хабарлама көрсетілген белгілердің бар екені туралы монополияға қарсы органға белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі. Хабарлама беру тәртібі мен оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді. Егер соңғысы хабарламада көрсетілген әрекеттерін (әрекетсіздігін) он жұмыс күні ішінде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп тексеру туралы шешім шығарады.
    Егер нарық субъектісі бұзушылықтар белгілерін жоймаса, монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнама нормаларының бұзылуын тергеп-тексеруді бастайды. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы дәлелдер жеткілікті болған жағдайда, заңнаманы бұзушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Е.ӘЛІБАЕВ,
 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы.
09 ақпан 2018 ж. 1 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам