Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДОПИНГ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДОПИНГ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 Ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыс көлемінде «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында прекурсорларды лицензиясыз жеткізу арналарын, бақылаудағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға түсу деректерін анықтау бойынша нақты іс-шара жоспары әзірленді.
Облыс аумағында орналасқан 5 дәріхана, 8 емдеу орны және 8 өндірістік кәсіпорын тексерілді. Атқарылған шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың 4 дерегі, ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың 2 дерегі анықталды.
Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқықбұзушылықтарды анықтау бағытында ОІІД-і Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Криминалдық полиция басқармалары, Жергілікті полиция қызметі және Кинологиялық қызметі орталығы қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтармен Батыс Еуропа - Батыс Қытай және «Қызылорда-Жезқазған» тас жолдарында тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта іс-шара барысында анықталған есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар бойынша заңды шешім қабылдау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.


12 желтоқсан 2017 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам