ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ
Футболдан ел бірАстанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бірінші және екінші турдың ойындары ауа-райы ыңғайлы облыстарда өтуі үшін 12 команда алдын-ала екі топқа бөлінді.
Сондықтан да "Астана", "Жетісу", "Ертіс", "Қайрат", "Қайсар" және ордабасы клубтары маусымда өз алаңдарында бастайды. Оларға тиесінше 1, 4, 6, 8, 10 нөмірлер берілді.
Ал қалған "Ақжайық", "Ақтөбе", "Атырау", "Қызыл Жар СК", "Тобыл" және "Шахтер" командалары алғашқы ойындарын түзде өткізеді. Бұл командалар 2, 3, 5, 7, 9, 11 нөммірлерімен белгіленді.
Бірінші тур:
"Астана" (жеребе бойынша 12 нөмір) - "Ақжайык" (11)
"Жетісу" (1) - "Тобыл" (2)
"Ертіс" (8) - "Атырау" (7)
"Қайрат" (6) - "Қызыл-Жар СК"
"Қайсар" (10) - "Актөбе" (9)
"Ордабасы" (4) - "Шахтер" (3).
Еске салайық, футболдан ел біріншілігінің жаңа маусымы 4 наурызда басталады. Бұл күні ел чемпионы "Астана" мен Қазақстан кубогінің иегері "Қайрат" Суперкубок үшін таласады.